Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ КМК «Геолог емханасы»

0
Қарттар күніне арналған іс-шара

Геолог емханасында «1-қазан Халықаралық қарттар күніне» орай, «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, «Қарттар мектебі» ашылды. Қариялар емханадағы заманауи техникалық медициналық құрал жабдықтармен танысып, мамандандырылған медициналық көмек алды. 
Геолог селолық округін қарасты 65 жастан асқан 724 қарттарымыз  бар. Ұлы Отан соғысының ардагері- 3 қария. Аталған шараға 25 қария қатысып, қуаныштарын білдіріп, алғыстарын айтты. Жиын барысында қарттарымызға емхана ұжымы  «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Емхана қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық би билеп, сазды әндер шырқап, қарияларға сыйлықтар таратылып,  мерекелік дастарханнан дәм татты.