Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ КМК «Геолог емханасы»

0
«Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

16 мамыр күні Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп базасында мектеп медбикесі Рахметова А.С. және Геолог емханасы бойынша СӨСҚО жауапты дәрігер Аманғалиева Әйгерім Аманкелдіқызы ұйымдастыруымен 9-10-11 сыныптың қыз балалары арасында «Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Шараға Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі Шайханова Т.Б., мектеп психологы Бигалиева А.А. және ұстаздар қатысты.
Дәрігер Аманғалиева Ә.А. қалыпты менструальды цикл және оның қалыптасуы, қыз бала гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу, ерте жүктіліктің салдарынан туындайтын қауіп-қатер бойынша презентация дайындап, дәріс оқыды. Оқушылар мен устаздар сұрақ койып, өз ұсыныстарын айтып белсенді қатысты.