Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ КМК «Геолог емханасы»

0
Алғыс күніне орай «Ашық есік»

Геолог емханасында 1-наурыз күні Алғыс күніне орай «Ашық есік» ұйымдастырылды. Артериалды гипертензия ауруы бар науқастарға денсаулығын жақсарту өзіне көмек көрсету, тиімді дәрілік заттардың пайдалану туралы түсіндірме кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Барлығы: 84- адам қатысты.


Сонымен қатар «Рахмет Сізге дәрігер» ақциясы өткізілді. Геолог емханасына қарасты тұрғындар медициналық көмек көрсеткен, дертінен айықтырған, ыстық ілтипатымен мейірімін жаудыра білген, ақ халатты абзал жандарға алғыстарын білдірді.