ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК «ГЕОЛОГ ЕМХАНАСЫ»
ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
Сіздер емделушілерді қолдау қызметіне ішкі бақылауға хабарласа аласыздар телефон: 52-18-05 немесе № 236 кабинет.
Біздің медициналық ұйымда «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОДЕКСІНІҢ 58-бабына сәйкес ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ құрылған.
ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯСЫНА медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау жатады.
Соған байланысты егер Сіз:
- Медициналық көмек көрсету саласына риза болмай қалсаңыз;
- Медициналық қызметкер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
- Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдірілген мөлшерінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлердің қаржы қаражатын бопсалау дерегіне тап болсаңыз;
- Сондай-ақ Сіз медициналық қызмет көрсету тәртібімен және сапасымен байланысты өзге де күрделі мәселелерге тап болсаңыз.
ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУҒА
хабарласуға құқылысыз.
Сіздің мәлімдемеңізді объективті және ашық түрде қарастыру принциптерін сақтау мақсатында мәселе комиссия арқылы және Сіздің қатысуыңызбен қаралады.
Сізге ыңғайлы болуы үшін өз аты-жөніңізді, байланысу деректерін (телефон, мекен-жайы) көрсету арқылы жазбаша мәлімдемеңізді медициналық ұйымның кіре берісінде орналасқан арыз-шағымдарды қабылдау жәшігінде қалдыра аласыз, сондай-ақ ӨЗ МӘЛІМДЕМЕҢІЗДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ САЙТЫНА жолдай аласыз: сайт: www.geolog-pol.kz
ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
Сіздің мәлімдемеңіз барынша қысқа уақыттың ішінде қарастырылады және бес жұмыс күнінен кешіктірілмей мәлімдемеңіздің нәтижелері бойынша сізге ақпарат ұсынылады.
ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ
Емделуші және онымен бірге туысқандары да мәлімдеме жасауға құқылы.
Біздің емделушілерге көрсетілген медициналық көмек деңгейіне және сапасына қанағаттандыру дәрежесін анықтау үшін сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің күрделі мәселелері мен одан әрі сапасын жақсарту мақсатында
ЕМДЕЛУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
емделушілердің және олардың туыстарының арасында сауалнама жүргізеді.
Сауалнама Сіздің құпиялығыңызды сақтау арқылы ерікті негізде жүргізіледі, сондықтан Сізден сауалнамада өз аты жөніңізді немесе мекен жайыңызды көрсету талап етілмейді.
Егер Сіз таңдап алған сұрақтарға жауап беру барысында өз пікіріңізді анық білдіру арқылы сауалнаманың сұрақтарына нақты жауап берген болсаңыз, Сіз біздің ұйымның медициналық көмек көрсету саласының жақсаруына өз үлесіңізді қосқан болар едіңіз.