Біз туралы
Біздің сайтымызға қош келдіңіз! Сіздер осында барлық қажетті ақпаратты таба алатыныңызға үміттенеміз!
Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.
1977 жылдың ақпан айында 450 тұрғыны бар Геолог ауылына медициналық қызмет көрсететін «Геолог» фельдшерлік –акушерлік пункті ашылды. Сол кезден 1988 жылға дейін пункттің меңгеруші қызметін акушерка Шпак Елена Леонидовна атқарған.
Қызмет көрсету территориясы Геолог, Бірлік, Жаңа кірпіш, Жұлдыз мөлтек аудандары, Қарабатан, Теңдік станциялары, №496 разъезд елді мекендерін қамтиды. Қызмет көрсету радиусы 45 км. Қызмет көрсету аймағында 4 орта мектеп, 3 бала-бақша, 1 балалар үйі орналасқан.
2016 жылдың шілде айында 100 келушіге арналған типтік жобадағы Геолог емханасы отбасылық денсаулық орталығы, әлеуметтік-психологиялық көмек және алдын-алу бөлімшесі, консультативті-диагностикалық және оңалту орталығымен жаңа ғимараты іске қосылды. Емхана заманауи техникалық медициналық құрал-жабдықтармен: флюорография, рентгенография, маммография, стоматологиялық қондырғы, эндоскопия, ИФА, УДЗ аппараттары, тредмил-тест, холтер, СМАД, ЭЭГ жабдықталған.
Бүгінгі күні Геолог емханасында 44 дәрігер, 143 орта буын медицина қызметкері қызмет етеді.
Біздің МИССИЯМЫЗ: Халықаралық стандарттарға сай халыққа сапалы, қауіпсіз, мамандандырылған медициналық көмекті көрсету.
Біздің ПАЙЫМЫМЫЗ: Инновациялық технологияларды қолдана отырып қауіпсіз және қол жетімді медициналық көмек көрсететін бәсекеге қабілетті мекеме болу
Біз ынтымақтастыққа қуаныштымыз және медициналық қызмет көрсету сапасы, қызметкерлердің ықыласты және қайырымды қарым-қатынасы Сіздің баға жетпес сыйыңыз – ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ сақтау және жақсарту үшін ең жақсы жағдайларды жасай алатынына үміттенеміз.
Жаңалықтар
-
17 сәуір күні Астана қаласында Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек: ғылым, тәжірибе және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.... -
«Даму және ерте араласу орталығы» 2025 жылғы 05.07.2025 күні КМКП «Атырау қалалық №6 емханасы» ШЖҚ базасында 5 жасқа дейінгі тіркелген балалар арасында медициналық және әлеуметтік қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау мақсатында ұйымдастырылды.... -
Комплеанс қызметі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын жария талқылауды жүргізу туралы анонс...
-
Онлайн бюджеттік мониторинг – тиімді бақылау құралы...





















