Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Геолог емханасы" ШЖҚ КМК
0
WhatsApp +7 702 025 78 20 Тіркеу бөлімі +7 775 007 7 103
Мекенжайы 060016, Қазақстан Республикасы,
Атырау қ., Геолог с., 8А
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Геолог емханасы" ШЖҚ КМК

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

Қарттар күніне арналған іс-шара

Геолог емханасында «1-қазан Халықаралық қарттар күніне» орай, «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, «Қарттар мектебі» ашылды. Қариялар емханадағы заманауи техникалық медициналық құрал жабдықтармен танысып, мамандандырылған медициналық көмек алды. 
Геолог селолық округін қарасты 65 жастан асқан 724 қарттарымыз  бар. Ұлы Отан соғысының ардагері- 3 қария. Аталған шараға 25 қария қатысып, қуаныштарын білдіріп, алғыстарын айтты. Жиын барысында қарттарымызға емхана ұжымы  «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Емхана қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық би билеп, сазды әндер шырқап, қарияларға сыйлықтар таратылып,  мерекелік дастарханнан дәм татты.