Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Геолог емханасы" ШЖҚ КМК
0
WhatsApp +7 702 025 78 20 Тіркеу бөлімі +7 775 007 7 103
Мекенжайы 060016, Қазақстан Республикасы,
Атырау қ., Геолог с., 8А
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Геолог емханасы" ШЖҚ КМК

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

"Туберкулезге жол жоқ!"

2019 жылдың 18 наурыз күні Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай "Туберкулезге жол жоқ!" тақырыбында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен кең көлемді акция өтті.

 

Акция "Өзіңді туберкулезден қорға!"ұранымен мектеп оқушыларының флешмоб билеуімен басталды. Шара барысында Геолог емханасының СӨСҚО жауапты дәрігері Аманғалиева Әйгерім Аманкелдіқызы, медбике Кадирова Жамила, әлеуметтік қызметкер Жаңбырбаева Орынша қала тұрғындарының қан қысымын, қандағы қант деңгейін, бой және салмақ өлшеу қызметтерін көрсетті. Сонымен қатар мамандар халықты Туберкулез ауруымен ақпараттандырып салауатты өмір салтын ұстануға, профилактикалық тексерістен уақытылы өтіп тұруга шақырды.

 {gallery}01/6{/gallery}