Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ КМК «Геолог емханасы»

0
Денсаулық күніне орай «Сау болу-сәнді!» ұранымен денсаулық марафоны өткізілді

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жасөспірімдер, жастар, емдеу- сауықтыру, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, қала тұрғындары, БАҚ өкілдерінің қатысуларымен 7 сәуір-Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай «Сау болу-сәнді!» ұранымен денсаулық марафоны өткізілді.

Кең көлемді шараны Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.К.Аймурзиева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.«Денсаулық марафоны» 1000 м қашықтыққа ерлер мен әйелдер арасында марафондық жүгіру, Кір тасын көтеру мен арқан тартудан және секіртпемен секіруден спорттық жарыстан тұрды. Шара аясында «Виртуоз» өнер мектебі оқушыларының арасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбындағы өз түсінігімен салу сурет байқауы ұйымдастырылып, Атырау медицина колледжі студенттерінің, №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп оқушыларының флешмобтары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар №2 қалалық емхананың медицина қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарының қан қысымдары өлшеніп, қандағы қант құрамы анықталды. Шара жеңімпаздары алғыс, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.