Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ КМК «Геолог емханасы»

0
«Jastar-senim men serpin» Денсаулық сақтау саласы жастарының республикалық форумы өтті

16-17 мамыр 2019 жылы Караганды қаласында «Jastar-senim men serpin» Денсаулық сақтау саласы жастарының республикалық форумы өтті.

Ауқымды жиынға Қазақстанның 16 облысынан жастар кеңесі мүшелері белсенділері қатысты, Форум программасына сай алғашқы күні Қарағанды қаласында орналасқан «Карлаг» саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған мұражайына саяхат жасалды. Жастарымыздың санасына егеменедігіміз оңайлықпен келмегендігін, осындай тәуелсіз елдің ұрпағы болып өмір сүріп жатқанымызды әрдайым есте сақтау мақсатында жасалған ерекше саяхат болды. Одан әрі қарай Республикалық форумның салтанатты ашылуы болып, әртүрлі тақырыпта мәселелер қозғалды. Соның ішіндегі :ҚР Денсаулық саласындағы цифрландыру жүйесі , Эпилепсия және оны жаңа әдістермен емдеу, диагностикалау, Кәсіби көшбасшылық мектебі аясындағы ынталандыру сессиясы және т.б. өзекті мәселелер қозғалды. Кешкісін әр облыстан келген көркемөнерпаздар сайысы мен Боулингтен спорттық жарыс болып, біздің Атырау облысы командасы жеңімпаз атанып 1орынды женип алды. Ақшалай сыйлық 300 000 теңгені қанжығалады. Олда бір біздің мәртебемізді асқақтата түсті.
Форумның екінші күні Атырау облысының "SENIM" жастары Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым вице-министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы Әбеновпен кездесті.
Кездесуде «Тиімді коммуникация құруда әлеуметтік медиялардың рөлі» жөніндегі керемет әсерлі тренинг болды. Содан кейін Жастар кеңесінің төрағалары қатысуымен ағаш отырғызылды.
Түскі үзілістен кейін « 2019 жыл - Жастар жылына » орай өткізілгелі отырған
Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен « Жастар – сенім мен серпін » атты денсаулық сақтау саласы жастарының Республикалық форумының жабылу салтанаты болды. Қарағанды облысы әкімі Е.Ж. Қошанов мырза сөз сөйлеп алғыс хаттарды табыстады. « Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Дүйсенов Сапарбек Серікұлы сөз сөйлеп жас дәрігер-мамандарға тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна төлеу сертификаттарымен марапаттады. Атырау облысынын 5-жас маман дарігерлері: 1.Юсубалиева Данагул Жұбанәліқызы –облыстық патологоанатомиялық бюросының дәрігер -патологоанатомы -2.Дуйсенгалиева Назгул Нұрболатқызы -№ 7қалалык емхана -кардиолог дәрігері 2.Наумет Фариза Ерболатқызы -Геолог емханасының дәрігер акушер гинекологы 4.Салимова Шынар Қалаугалиқызы -Геолог емханасының Жалпы тәжірибелік дарігері 5.Кұлмагамбетов Қаршыға Шынболатұлы – Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері дәрігері
Біз осы тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна төлеу сертификаттарын алған Атырау облысы жас дәрігерлері бізге осындай мүмкіндік беріліп жатырғанына, Республикалық Жастар форумына қатынасып керемет сәттердің куәгері болғанымызға қуаныштымыз. Бұндай «тұрғын үй алу үшін алғашқы жарна» Республика бойынша профсоюз жанынан көрсетіліп отырылған алғашқы шара болып табылады. Қорытындылай келе біздер осындай баспана алуға үлкен септігін тигізіп жатырған « Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облысы бойынша төрағасы Кашкенова Майра Тұрланқызына шексіз алғысымызды білдіреміз. Алға қарай осындай шаралар жалғасын тауып , біз секілді жас дәрігерлер баспаналы болсын деп тілейміз.

Шын жүректен алғыс білдіруші сертификат иелері: