Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Геолог емханасы" ШЖҚ КМК
0
WhatsApp +7 702 025 78 20 Тіркеу бөлімі +7 775 007 7 103
Мекенжайы 060016, Қазақстан Республикасы,
Атырау қ., Геолог с., 8А
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Геолог емханасы" ШЖҚ КМК

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі күштері мен құралдары біздің еліміздің амандығы мен болашағы тәуелді болатын мәселелерді шешуге, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін жақсартуға жұмылдырылуы тиіс.

«Даму және ерте араласу орталығы» 2025 жылғы 05.07.2025 күні КМКП «Атырау қалалық №6 емханасы» ШЖҚ базасында 5 жасқа дейінгі тіркелген балалар арасында медициналық және әлеуметтік қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

«Даму және ерте араласу орталығы» 2025 жылғы 05.07.2025 күні КМКП «Атырау қалалық №6 емханасы» ШЖҚ базасында 5 жасқа дейінгі тіркелген балалар арасында медициналық және әлеуметтік қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Даму және ерте араласу орталығының (ДЕАО) құрылымы төмендегілерді қамтиды:
• жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған әмбебап прогрессивті патронаждық бақылауға супервизия жүргізетін дәрігер кабинеті;
• патронаждық мейірбикелер кабинеті;
• баланың даму кабинеті (бұдан әрі – БДК);
• тамақтану бойынша ресурстық орталық;
• дыбыс оқшаулауы бар аудиологиялық және психофизикалық скрининг жүргізуге арналған кабинет.

Негізгі міндеттері:
Негізгі міндеттер мыналар болып табылады:
1. ИВБДВ қағидаттарын сақтай отырып, дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
2. шұғыл медициналық көмек көрсету;
3. жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету;
4. профилактикалық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде:

• скринингтік және профилактикалық тексерулер өткізу;
• вакцинация жүргізу;
• жүкті әйелдер мен балаларда әлеуметтік және медициналық қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау мақсатында патронаждық бақылау жүргізу, соның ішінде балалардың денсаулығы мен дамуына қауіп төндіретін жағдайлар, зорлық-зомбылық пен жарақаттанудың алдын алу шаралары;
• салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;
• тек ана сүтімен емізуді қолдау және балалардың тамақтануы бойынша кеңес беру;

5. созылмалы аурулары бар балаларды динамикалық бақылау;
6. балалардың дамуын мониторингтеуді қоса алғанда, ерте араласу шараларын ұйымдастыру және жүргізу;
7. балаларға медициналық оңалту көмек көрсету;
8. балаларға паллиативтік көмек көрсету.