17 сәуір күні Астана қаласында Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек: ғылым, тәжірибе және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған іс-шараға мен Атырау облысы бойынша штаттан тыс маман ретінде қатыстым.
Конференция барысында Абзалова Роза Абзаловна, медицина ғылымдарының докторы, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының Басқарма төрағасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшысы, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қазіргі жағдайы, халықаралық тәжірибе және оны дамыту бағыттары туралы баяндама жасады. Спикер алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, профилактикалық бағытты күшейту мәселелеріне ерекше тоқталды.
Сондай-ақ, конференцияда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Искаков Олжас Ермекұлы сөз сөйлеп, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бағыттары мен жүйені жетілдіру мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, конференция аясында сала мамандары өз тәжірибелерімен алмасып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің өзекті бағыттары талқыланды.























