"Дені сау ұрпақ -жарқын болашақ кепілі" атты əдістемелік - тəжірибелік семинар өтті
25.01.2019ж 36 мектеп- гимназиясында Геолог емxанасы псиxологтары және дəрігерлерінің қатысуымен "Дені сау ұрпақ -жарқын болашақ кепілі" атты əдістемелік - тəжірибелік семинар өтті.
Мектептерде, бала-бақшаларда қызылшаға күнделікті тексеру жүргізілуде
Геолог емханасына қарасты мектептерде, бала-бақшаларда Қызылша тақырыбында ата-аналармен, тəрбиешілермен, оқушылармен кездесулер өткізіліп, түсініктеме жұмыстары ұйымдастырылды.Мектептерде, бала-бақшаларда қызылшаға күнделікті тексеру жүргізілуде.
Қызылша ауруының алдын алу
ДСБ басшысы Маншук Кудайбергеновнаның тапсырмасымен Облыста қызылша ауруының алдын алу, таратбау мақсатында Геолог емханасынан құрылған жұмысшы тобы : директор , аға медбике жəне иммунопрофилактикаға жауапты медбикелер Жылой ауданында емхана, мектеп , бала - бақша мед. қызметкерлерімен кездесіп Қызылша ауруы бойынша облыстың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып , учаскелер , мектептер ,бала - бақшалар бойынша 63 , 112, 26 формалар тексеріліп , балалардың, жалпы тұрғындардың қызылша екпесімен қамтылу деңгейі анықталды.
Семинар оқу сабақтары
2019 жылдың 9 қаңтар күні Геолог емханасына қарасты "Балақай", "Көркем-ай", "Жұлдыз", "Нұрəлем" бала бақшалары , 36 мектеп,Қ.Сатпаев,Б.Нсанбаев атындағы мектептерде қызылша ауруының алдын алу мақсатында семинар оқу сабақтары өткізіліп , ата-аналар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.
"Тәуелсіздік- Тұғырым"
14.12.2018ж Геолог емханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік- Тұғырым" атты мерекелік шара өткізіліп, емханада көп жылдар еңбегі сінген қызметкерлер алғыс хатпен марапатталып, концерттік бағдарламa ұйымдастырылды.
"ЖИТС -ғасыр дерті"
29 қараша 2018жылы Геолог емхананасына қарасты 36 мектеп-гимназиясында емхананың акушер-гинеколыгы Ф.Нəумет, учаскелік фельдшер Л.Кудиярова жəне мектеп медбикесі М.Жұмағазиеваның ұйымдастыруымен "ЖИТС -ғасыр дерті" атты шара ұйымдастырылып , жоғары сынып оқушылары арасында өткізілді. Шарада ЖИТС ауруы берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптары берілді.


















