Емізу кезіндегі баланы дұрыс ұстау ережесімен таныстыру.
Геолог емханасы бойынша баланың даму бөлмесінде 3 айға толған балалардың аналарына "Баланың дені сау кезіндегі күтімі, тамақтандыруы туралы нұсқаулықпен таныстыруда, яғни тек қана емшек сүтімен қоректендіру ,"4-3-4 " емізу кезіндегі баланы дұрыс ұстау ережесімен таныстыру.
Қарттар күніне арналған іс-шара
Геолог емханасында «1-қазан Халықаралық қарттар күніне» орай, «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, «Қарттар мектебі» ашылды. Қариялар емханадағы заманауи техникалық медициналық құрал жабдықтармен танысып, мамандандырылған медициналық көмек алды.
Геолог селолық округін қарасты 65 жастан асқан 724 қарттарымыз бар. Ұлы Отан соғысының ардагері- 3 қария. Аталған шараға 25 қария қатысып, қуаныштарын білдіріп, алғыстарын айтты. Жиын барысында қарттарымызға емхана ұжымы «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Емхана қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық би билеп, сазды әндер шырқап, қарияларға сыйлықтар таратылып, мерекелік дастарханнан дәм татты.
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Антикоррупционная-стратегия-РК-2015-2025
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Геолог село тұрғындарына және емхана қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Департамент басшысының орынбасары Уайсов Мәлік Нұржанұлы және штаб басқармасының басшысы Тулешов Рафаэль Салешовичтің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін атап өтті.
Геолог емханасы бойынша директоры А.Т. Нарымбаеваның бастауымен 2017 жылдың қыркүйек айында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ж.Ж.Қаражановтың қатысуымен кездесу өткізілді. Шара ашық диалог ретінде өткізіліп, әрбір қызметкерлер өз ойларын еркін білдіріп, туындаған сұрақтарын қойды.
Емхана қызметкерлері тарапынан заңсыз ақша талап ету не қандай да бір ұйымда сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдаймен кезіккен жағдайда бірінші басшыға тікелей жолығу қажеттілігі туралы бірінші басшының толық аты жөні мен байланыс көздері (телефоны, жеке блогы т.б.) және сыбайластық жемқорлық фактілерін хабарлаған адамды көтермелеу шаралары және пара алу берудің жазаланушылығы жөніндегі жаднамалар ехмананың көрнекі жерлеріне хабарламалар орналастырылды.
Сонымен қатар емхана қызметкерлерімен ашық есік күні өтіп, емхана келушілеріне арналған сыбайластық жемқорлықтың алдын алу туралы «Адал жол», «Мақсатымыз- жемқорлыққа тосқауыл қою» ақпараттық насихаттау материалдары таратылды. Емхана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы логотиптер белгіленген конверттер қаламсаптар, жабсырмалар, күнтізбелер, постерлер дайындалды.
Жүктеу: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
Атырау қаласының «Қала күні»
Атырау қаласының «Қала күніне» мерекесіне орай, Геолог ауылдық округінде «Ұлы даланың сазды әуені» атты қалалық өнер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталған шарада әр түрлі салада еңбек сіңірген қызметкерлер марапатталды. Соның ішінде денсаулық саласында көптеген жылдар еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген Геолог емханасының күндізгі аурухана бөлімінің медбикесі .Б. Жүнісова Геолог селолық округі әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.
«Еңбек күні» мерекесі
2013 жылдың 22 қаршасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген. «Еңбек күні» мерекесі күні әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыратын еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, «Еңбек ардагерін» қадірлеп мерейін асқатататын күн. Аталған мерекеге орай, Геолог емханасының директоры А.Т. Нарымбаева және кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.Ж. Масабаевтың бастауымен емхана құрылғаннан бері медицина саласында көптеген жылдар бойы еңбек сіңірген, зейнеткерлік жасына жеткен еңбек ардагерлері: Шпак Елена Лионидовна – акушерка, ФАП –меңгерушісі, Ахошева Роза- тіс дәрігері, Нуржанова Жаныл Асемгалиевна-акушер гинеколог, Хайрова Болган-медбике, Жубанова Агибаш-лаборант, Тусупкалиева Нурсулу-акушерка, Сахимова Батима-медбикесіне емхана атынан сыйлықтар табысталып, мерекелік үстел ұйымдастырылды. Аталған мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек адамдарының еңбегін иелеп, жастарды еңбекке ынталандыру, дәстүрді нығайту болып табылады.