Управления Здравоохранения Атырауской области КГП на ПХВ «Геологская поликлиника»

0
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Антикоррупционная-стратегия-РК-2015-2025

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Геолог село тұрғындарына және емхана қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Департамент басшысының орынбасары Уайсов Мәлік Нұржанұлы және штаб басқармасының басшысы Тулешов Рафаэль Салешовичтің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін атап өтті.

 

  

 

 

Геолог емханасы бойынша директоры А.Т. Нарымбаеваның бастауымен 2017 жылдың қыркүйек айында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ж.Ж.Қаражановтың қатысуымен кездесу өткізілді. Шара ашық диалог ретінде өткізіліп, әрбір қызметкерлер өз ойларын еркін білдіріп, туындаған сұрақтарын қойды.

Емхана қызметкерлері тарапынан заңсыз ақша талап ету не қандай да бір ұйымда сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдаймен кезіккен жағдайда бірінші басшыға тікелей жолығу қажеттілігі туралы бірінші басшының толық аты жөні мен байланыс көздері (телефоны, жеке блогы т.б.) және сыбайластық жемқорлық фактілерін хабарлаған адамды көтермелеу шаралары және пара алу берудің жазаланушылығы жөніндегі жаднамалар ехмананың көрнекі жерлеріне хабарламалар орналастырылды.

Сонымен қатар емхана қызметкерлерімен ашық есік күні өтіп, емхана келушілеріне арналған сыбайластық жемқорлықтың алдын алу туралы «Адал жол», «Мақсатымыз- жемқорлыққа тосқауыл қою» ақпараттық насихаттау материалдары таратылды. Емхана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы логотиптер белгіленген конверттер қаламсаптар, жабсырмалар, күнтізбелер,  постерлер дайындалды.

 

Жүктеу:   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары